Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің "№1 балалар музыка мектебі" КМҚК
Ойнауды уйрену үшін, ойнап үйренеміз
"Менің отаным- Қазақстан!" онлайн-композициясы
16 желтоқсанда 1 БММ оқытушылары мен оқушылары Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Менің отаным - Қазақстан!" атты музыкалық онлайн композициясын ұсынды. Мектептің музыкалық ұжымдары қазақстандық және шетел авторларының танымал шығармаларын орындап, онлайн шараның барлық қатысушыларына жағымды эмоциялар сыйлады.
"Шабыт ноталары" ансамбльдік музыканың
онлайн-фестивалі
9 желтоқсан күні №1 БММ-нде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Шабыт ноталары" ансамбльдік музыканың онлайн-фестивалі өтті. Жас музыканттар мен олардың ұстаздары классикалық, заманауи және қазақ композиторларының әртүрлі жанрлық ансамбльдік музыкаларды орындады.
Фортепиано музыкасының фестивалі
30 қараша күні "N1 Балалар музыкалық мектебінде" Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күнін тойлауға арналған "Фортепиано музыкасының фестивалі" өтті. Жас жұлдыздар классикалық, заманауи және қазақстандық композиторлардың фортепианолық шағын шығармаларын орындары
Жас музыканттар қатарына қабылдау
25 қарашада №1 Балалар музыка мектебінде дәстүрлі «Жас музыканттар қатарына қабылдау» шарасы өтті, оған барлық музыкалық мамандықтардың 1-сынып оқушылары қатысты. Іс-шара санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, шағын топтармен өткізілді. Концерттік және танымдық бағдарламада музыкалық сайыстар, викториналар, ырғақты ойындар, ойындар – жұмбақтар мен музыкалық ұжымдардың өнер көрсетуі болды. Іс-шараның ерекшелігі бірінші сынып оқушылары мен олардың ата-аналарының ант беруі болды. Концерттік бағдарлама соңында жас музыканттар медальдармен марапатталды.
"Классикалық композиторлардың симфониялық шығармаларындағы күзгі мотивтер"
5 қарашада №1 БММ-нде «Классикалық композиторлардың симфониялық шығармаларындағы күзгі мотивтер» тақырыбында презентация қорғалды. Бұл жобамен жұмыс істеу жоғары сынып оқушыларына симфониялық жанрды аспаптық музыканың бір түрі ретінде зерттеуге және түсінуге мүмкіндік берді
"Жеті нота патшалығы" музыкалық шайқасы
3 қарашада №1 БММ-нің дайындық топтары мен кіші сынып оқушылары ырғақты ойындар, музыкалық басқатырғыштар, сөзжұмбақ, викториналардан тұратын «Жеті нота патшалығы» музыкалық шайқасына қатысты. Жарыс қорытындысы шығарылған соң, балаларға естелік медальдар табыс етілді.
"Күзгі дивертисмент" шығармашылық жобасы
1 қарашада, демалыс кезінде "Күзгі дивертисмент" шығармашылық жобасы жалғастырылды. Жас музыканттар қуана-қуана "Мультивикторинаға" қатысып, танымал мультфильмдердің әуендерін тапты.
Би және халық музыкасына арналған фестиваль
Ұстаздар күні құтты болсын!
Өскемен қаласы күніне арналған онлайн-концерт
ҚР Конституциясы күніне арналған онлайн-концерт
"Астана менің жүрегімде!" атты
концерттік онлайн-бағдарламасы
Жазғы дивертисмент 2021
"Радуга детства" онлайн-концерті
"№1 Балалар музыкалық мектебі" - ЮНЕСКО клубы Өскемен қаласы Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтайды!
"Есімдеріңіз мәңгі есімізде" атты онлайн-марафоны
"№1 Балалар музыкалық мектебі" - ЮНЕСКО клубы Өскемен қаласы Ұлы Жеңіс Күнімен құттықтайды!
"Ел қорғау-ердің міндеті"
"№1 Балалар музыкалық мектебі" - ЮНЕСКО клубы Өскемен қаласы Отан қорғаушылар күнімен құттықтайды!
1 мамыр - бірлік күні құтты болсын!
№1 Балалар музыкалық мектебі" - ЮНЕСКО клубы Өскемен қаласы 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтайды!
"Әз-Наурыз" музыкалық композициясы
"№1 Балалар музыка мектебі " - ЮНЕСКО клубы Өскемен қаласы қала тұрғындарын Наурыз мейрамымен құттықтайды!
"Көктемгі қиял" онлайн-құттықтауы
"№1 Балалар музыкалық мектебі" - ЮНЕСКО клубы Өскемен қаласы нәзік жандыларды 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтайды!
Рахмет саған,музыка!
Қазақстанда көктемнің алғашқы күні Ризашылық күні мерекесімен ерекшеленеді. «Рахмет саған, музыка!» №1 БММ экспресс-онлайн Өскемен қаласының барлық тұрғындарын көктемнің керемет мерекесімен құттықтады!
Қазақстандықтар - біртұтас болашақ ел
26 ақпанда Өскемен қаласында Қазақстан ұлттық федерациясының ЮНЕСКО клубтарының мүшелері - қосымша білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған «Қазақстандықтар - біртұтас болашақ ел» марафонының аясында Аймақтық күйлердің фестиваль - челледжі басталды. Өскемен қаласы, ЮНЕСКО клубы - «№1 балалар музыкалық мектебі» мен «Жігер» балалар және жасөспірімдер клубы фестивальді ашты. Құрметті достар! Республикалық марафонға қосылыңыз!
Музыка жақсылық жасайды
2021 жылдың 9 ақпанында ЮНЕСКО клубы – «Өскемен қаласы №1 балалар музыкалық мектебінде» жыл сайын өтетін ЮНЕСКО Клубтарының Қазақстан ұлттық федерациясының «Жылды жақсылықпен баста» Республикалық акциясы аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен ересектерге арналған «Музыка жақсылық жасайды!» атты онлайн-концерті өтті. Концерттің басты мақсаты - оң эмоциялар беру, жылы, шығармашылық атмосфераны құру.
Жаңа 2021 жыл құтты болсын!
"Менің отаным - Қазақстан!" музыкалық онлайн композициясы
12 желтоқсанда 1 БММ оқытушылары мен оқушылары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған "Менің отаным - Қазақстан!" атты музыкалық онлайн композициясын ұсынды. Мектептің білім алушылары мен музыкалық ұжымдары қазақстандық және шетел авторларының танымал шығармаларын орындап, онлайн шараның барлық қатысушыларына көптеген жағымды эмоциялар сыйлады.
Тұңғыш Президент күнін тойлауға арналған "Фортепиано музыкасының фестивалі"
28 қараша күні Өскемен қаласы әкімдігінің "1 Балалар музыкалық мектебінде" Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күнін тойлауға арналған "Фортепиано музыкасының фестивалі" онлайн режимінде өтті.
:Би музыкасының фестивалі
:Халық музыкасына арналған фестиваль
Ұстаздар күні құтты болсын!
Өскемен - балалардың арман қаласы
Онлайн демалыстар 2020ж.
:"Абай онкүндігі"
Қашықтық оқудың музыкалық мозаикасы
№БММ жұмысындағы инновациялар
"№1 Балалар музыка мектебі" КМҚК 2017 жылы музыкалық зертхана жұмыс істей бастады, онда "Софт Моцарт"музыкалық - компьютерлік бағдарламасы апробациялануда. Арнайы жабдықталған оқу кабинетінде балалар ерте жастан ата-аналарымен бірге синтезаторда, Midi- пернетақтада және шулы музыкалық аспаптарда ойнау арқылы өздерінің музыкалық-эстетикалық қабілеттерін дамытады. Болашақта бірлескен шығармашылықта тиімді нәтижелерге қол жеткізуге көмектесетін балалар мен олардың ата-аналарының бірегей музыкалық қауымдастығын құру жоспарлануда